Accessibility links

Өзбекстандағы өлім жазаларының тәртібіне алаңдаушылық айтылды


Лондонда орналасқан "Амнести интернешнл" құқықорғаушы ұйымы Өзбекстандағы жағдайға және құпия өлім жазаларына алаңдаушылық танытып, кеше жаңа баяндама жариялады. Өзбекстан заң орындарында адамдарды қинау мен азаптау кең етек жайды, өлім жазасын іске асырудың әр кезеңі қоғамдық бақылаудан ада қалды, дейді "Амнести интернешнл". Өзбекстан соттары өлім жазасын дәлелсіз, ортақ жүйенің талаптарын аяққа басып үлестіретіні айтылды. Өзбекстанда азаптауға тап болу қаупі болсада, өлім жазасына жөнсіз кесілу қаупі болсада ұсталған азаматтарды Өзбекстанның қолына бере салатын мемлекеттердің атына сын айтылды. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан сияқты мұндай елдердің қатарында Қазақстан аталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG