Accessibility links

Грузиядағы саяси дағдарыс жалғаса түсті


Грузиядағы 2-ші қарашадағы парламенттік сайлаудан соң басталған саяси дағдарыс кеше жалғаса түсті. Сайлау әділ өткен жоқ деп оппозициялық партиялар екі апта бойы наразылық шерулерін жасап, өткен аптаның соңында тынышталған болатын. Оппозицияны қолдаған 15 мыңға жуық халық президент Эдуард Шеварнадзенің кетуін талап етті. Кеше ел астанасы Тбилисиде оппозициялық шерулерге балама митинг өткізілді, оған кемінде 8 мың адам қатысты. Президент Шеварнадзеге қолдау танытқан кейбір адамдар Аджария аймағынан келгендерін, жергілікті басшылар оларға бір күн демалыс бергендерін айтты. Саяси текетіресті келіссөз арқылы шешуге атсалысуға Тбилисиге кеше АҚШ сыртқы істер министрі орынбасарының көмекшісі Линн Паскау келді.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG