Accessibility links

Бүгін Иранның күдікті атом бағдарламасының мәселесі талқыланады


Халықаралық атом энергетика агенттігінің алқасы бүгін Венадағы бас пәтерде Иранның күдікті атом бағдарламасының мәселесін талқылайды. Иран "Атом қаруын таратпау жөніндегі келісімді" бұзды, атом қаруына қолданылатын плутоний өндірді деген мәліметтер қаралатын болады. Осы жөнінде Франция, Германия және Британия ұсынған қаулының жобасы қаралады. Америка Құрама Штаттары Иранның атом бағдарламасының мәселесін Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде қараған жөн деп келеді.
XS
SM
MD
LG