Accessibility links

Джордж Буш Европаны Ирақта демократия орнатуға атсалысуға шақырды


АҚШ президенті Джордж Буш Британия сапарын бүгін одан ары жалғастырып, бас министр Тонни Блейермен келіссөз өткізеді. Джордж Буш кешегі сөзінде Европаны Ирақта демократия орнатуға атсалысуға шақырды. Ирақ мәселесінде тіпті АҚШ және Британия сияқты жақын одақтастардың арасында қайшылық бар, бірақ жойқын қаруды иемденген диктаторлар мен террористер заманымыздың ең үлкен қаупі болып отыр, дейді президент Буш: - Саддам Хұсейн билігін асырып адамдарды қырып жатқанда Ирақтың жағдайы жақсы болды, әлем әлде қайда қауіпсіз болды деп кім айтады? Дүние жүзінің террористеріне Омар молда пана беріп отырғанда Ауғанстанда бүлік аз болды, әлеуметтік сипаты молырақ болмады деп күдіктенеді? Деректелген талай қылмыстары үшін Милошевич тергеуге тартылып отырғанда Европаның өзі әлде қайда жақсы сипат алды. Президент Буш бұл сөзін Букингем сарайында патшайым Елизавета берген қонақасында айтты. Лондонда кеше соғыс қимылдарына наразылық айтқан шағын қане шерулер өтті.
XS
SM
MD
LG