Accessibility links

Қазақстанда темекі шегушілер азаймай отыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Статистика деректеріне қарағанда, Қазақстанда соңғы бір жылда жасөспірімдер арасындағы темекіге құмарлардың саны 15 пайызға, әйелдер арасында 20 пайызға кеміген. Мамандар мұндай жетістікке қол жеткізіп отырғынын арнайы заңның жоғары денгейде орындалуымен байланыстырып отыр. Алайда темекі шегудің алдын алатын заң жоғары деңгейде орындалмайды, дейтін мамандарда жоқ емес. Салауатты өмір салтын қалыстастыру проблемалары жөніндегі Ұлттық Орталықтың директоры Айқан Ақановтың айтуынша, бүгінгі таңда шылым шегушілердің саны көбеймесе, азайып отырған жоқ.

Айқан Ақанов, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі Ұлттық орталықтың директоры: - Қазақстандағы 14 пен 20 жас аралығындағы жастардың 20 пайызы шылым шегеді, 20-30 жас аралығындағы жастардың 60 пайызы, қыздардың 8 пайызы темекіге әуес. Біріншіден, бұл жастар темекінің зияндығы туралы білмейді, сонымен қатар қазір бізде шылым жарнамасы көп. Бірақ бұл мәселені ретке келтіретін саясат бізде бар, бірақ бұл заң орындалмайды.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан бойынша, 34 мыңнан астам адам белсенді темекі шегушілер болып саналады. Мамандардың пайымдауынша, жастардың темекіге құмар болуына жарнама әсер етіп отыр, темекі шегудің алдын алатын заңдардың орындалмауы себеп болып отыр. Ал шын мәнінде, жастардың темекіге не себептен әуес болатынын білу үшін олардың пікірін білуге тырыстық.

Алматы жастары: - Жастардың басым көпшілігі қазір темекі шекпейді, білімді, мен айтар едім ішімдікке салынатындар да азайып келе жатыр. - Қазіргі жастар темекіге тәуелді болып қалған, себебі олар көп жағдайда тұрақтылықтың жоқтығынан қиналады, сонда темекі шеге бастайды. - Негізінен біздің жастар басқа біреулерге ұқсағанды, яғни телеарна арқылы көрсететін тұлғаларға ұқсағысы келеді, сосын темекі шегеді. Ал шын мәнінде темекі қорабының сыртында шылым шегу адам денсаулығына зиян деп жазылады, бірақ неге шылым шегетінін білмеймін.

Шыдым шегуші жастар мен қатар Қазақстанда ішімдікке салынған жастар да көп болып отыр. Соңғы екі жылда мұндай жастардың қатары 21 есеге өскен.
XS
SM
MD
LG