Accessibility links

Майкл Джексонды тұтқындалып қайта босатылды


Американдық сахна жұлдызы Майкл Джексон Калифорния полициясының тұтқындау бұйрығына көніп, кеше өзі келіп берілді. Лас Вегастан ол жеке ұшағымен қайтып келгенде әуежайда оған қолма қол кісен салынды. Майкл Джексон кәмелетке толмаған ер баланы жыныстық қатынасқа итермеледі деп айыпталды. Майкл Джексон үш миллион доллар кепілдеме қойған соң қамаудан босатылды. 45-жасар Майкл Джексон үш жыл-сегіз жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Майкл Джексонның адвокаты айыптарды жоққа шығарды. Майкл Джексон ересек баланы бұзды деген күдікке 1994 жылы бір рет тап болған еді. Сонда поп-эстрада жұлдызы 14 жасар балаға бірнеше миллион доллар төлеп, сотты іске жеткізбей тоқтатқан болатын.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG