Accessibility links

АҚШ Грузия парламенттінің сайлауын мойындамады


Грузияда кеше 2-ші қарашадағы парламенттік сайлаудың қортындылары жарияланды. Президент Эдуард Шеварнадзені қолдайтын екі негізгі партия дауыстардың 40-қа жуық процентін алды, ал оппозициялық "Ұлттық қозғалыс" 18 процент жинады деп айтылды. Эдуард Шеварнадзе сайлаулардың қортындысы жарияланған соң бұқаралық наразылық тоқтаса жөн, әйтпесе азаматтық соғысқа тап боламыз деп сипаттайды. АҚШ сыртқы істер министрлігі жарияланған ресми мәліметтер Грузия халқының таңдауын бұрмалап отыр деп, сайлау нәтижесіне күдік келтірді.
XS
SM
MD
LG