Accessibility links

Стамбулдағы жарылыстарға сөгіс айтылып жатыр


Стамбулда жарылыс ұйымдастырғандар жазасын алады, деп мәлімдеді Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоған. Кеше британиялық Эйч-Эс-Би-Си банкінің бөлімшесінде және Британия консулдығында жасалған жарылыстардың салдарынан кемінде 27 адам қаза тапты, 450-ден астам адам жараланды. Ердоған жергілікті тұрғындармен қатар мерт болған Британия бас консулы мен Британия азаматтырының қазасына көңіл айтты. Түркия үкіметіне жақын "Анадолы" ақпарат агенттігі шабуылдарды "Әл Қаида" ұйымына және жергілікті исламшыл "Ұлы Шығыс жауынгерлік майданы" атты ұйымға жүктеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан, НАТО бас хатшысы Джордж Робертсон, Египет сыртқы істер министрі Ахмед Мажер сияқты тұлғалар Стамбулдағы шабуылдар терроризмге қарсы күреске ден қойып отыр деп сипаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Түркияда кеше және сенбі күні орын алған шабуылдарды сөгіп, қаулы шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG