Accessibility links

Беларус оппозициясы өзара қырқысып жатыр.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Беларусь президенті Александр Лукашенконың ауторитарлық режиміне қарсы тұру үшін Беларусь оппозициясы алдағы парламенттік сайлау алдында одақтасуға келіскен. Кенет осы тұста интернетте "Жылан мен кірпі достасты" делінген бұл одақтастық туралы сын мақаланың шығуы оппозициялық партиялардың арасына от жақты.

Алдағы жылы өтетін парламенттік сайлау алдында Беларусияның оппозициялық партиялары екі топқа бөлініп одақтаса бастаған еді. Осы тұста интернетте "Жылан мен кірпі достығы " атты мақала шықты. Мақала оппозиция одағының күлталқанын шығарғанмен бірдей болды деп жазады Соғыс және бейбітшілік институты. "Жылан мен кірпі достығы" мақаласында бір оппозициялық партия Социялистік демократиялық партияның мүшесі Олег Богутский өзге бір оппозициялық топ 5+группа одақтастығына ұйымдасқан қылмыспен айналысты деген айып тағады. Автор өз мақаласында алдағы парламенттік сайлауда жеңіске жету үшін құрылған 5+Группа атты оппозициялық одаққа шүйлігеді. Ол одаққа 5 оппозициялық партия біріккен болатын. Богутскийдің шабуылына 5+группа одақтастығы да қарап жатпай тойтарыс берді. Богутскийдің социял Демокрятиялық партиясы, Беларусь әйелдер партиясы болып бірігіп Азат Беларусияның европалық коалициясын құрған болатын. Сынға ұшыраған 5+группа одағы Азат Беларусияның европалық коалициясына Лүкашенконың сойылын соғып отыр деп дүрсе қоя берді.

Тәуелсіз беларусь талдаушысы Валерий Карбалевых:

"Аталмыш мақала әрине 5+группа одағына қарсы бағытталған. Алайда, шынтуайтына келгенде мақала күллі Беларусь оппозициясына қарсы. Оның ішінде мақала ауторының өзі қатысып жүрген Европалық коалиция да бар. Бұл күллі оппозицияны қаралау үшін ресми баспасөздың бұрыннан қолданып келген үйреншікті тәсілі".

Мақала жарық көргеннен кейін Богутскийді өз партиясындағы әріптестері оны түтіп жеп қоя жаздаған.

5+группаға жататын Біріккен азаматтық партия жетекшісі Анатолий Лебедко:

"Біз Европалық коалиция дегенді ешқашан 5+группа одақтастығына бақталас бола алады дей алмаймыз. 5+группа кәзірдің өзінде опозицияның 90 пайызының басын қосып отыр."

Европалық коалиция болса 5+группа одақтастығын Ресейшіл деп те айыптайды. Осынау екі оппозициялық топтың өзара қырқысуынан кім ұтады дегенде Лукашенко үкіметінің ұтатынын болжау қиын емес.
XS
SM
MD
LG