Accessibility links

Қызылордада таза ауыз су тапшы


Қызылорда қаласының жерасты суларының ластануы өсе түсті, деп хабарлады "Қазақапарат" агенттігі жұма күні. Сырдариядан келетін суда тұздың мөлшері күрт өсті, мұнай мен мұнай өнімдерінің шектеу белгісі екі жарым есе асты. Қызылорда қаласында су тазалау жүйесі нашар, қала тұрғындары жұқпалы ауруларға Қазақстан бойынша ең көп тап болады. Қызылорда облысының әр он екінші тұрғыны жұқпалы гепатитпен ауыратыны сондықтан.
XS
SM
MD
LG