Accessibility links

Эдуард Шеварнадзеге қарсы жаппай шерулер қайта жаңғырмақ


Грузияда бүгін президент Эдуард Шеварнадзеге қарсы бағытталған жаппай шерулер қайта жаңғырмақ. Оппозиция басшыларының бірі Михаил Саакашвили президентті бейбіт жолмен кетіру мақсатында Тбилиси қаласында мыңдаған халықты жинады. Шеварнадзеге қолдау тынытқан жұртта көшеге шығарылды. Екі үлкен топтың арасында полиция қақтығыстардың алдын алуға әрекет жасауда. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Тедо Жапаридзе сайлау барысында үлкен кемшілік мол болғанын мойындай келе, саяси дағдарысты келісім арқылы шешуге шақырды. Оппозицияны қолдаған жұрт 2-ші қарашадағы парламенттік сайлау әділ өткен жоқ, президентшіл партиялардың қамына бола халықтың дауысы ұрланды дейді. Сайлау әділ өткен жоқ деп халықаралық бақылау топтары мен АҚШ сыртқы істер министрлігі де пікір танытты.
XS
SM
MD
LG