Accessibility links

Ирақта кеше бірнеше партизандық шабуыл жасалды


Бағдадта мұнай министрлігінің ғимараты мен батыс мамандары мен журналистері тұратын қонақ үй зымырандармен атқыланды. Бір адам жарақат алды. АҚШ әскерінің өкілі генерал Марк Киммит әскери тактика жағынан бұл шабуылдар мардымсыз деп сипаттады. Ирақ полициясының бастығы Ахмед Ибрахим бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған террорлық әрекеттердің алдын алуға күш жұмсауға мәжбүр боламыз деп ескертті. Жеке бір жағдайда американдық мәшинелер мина басып кетіп, екі сарбаз қаза тапты. Бекетте тұрған АҚШ сарбаздарының тоқтау бұйрығына көнбеген соң олардың тарапынан Венгрия азаматы өлтірілді. Кербала қаласында Тхай әскери қонысы миналармен атқыланды. Адам шығыны болған жоқ. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Франция, Германия және Ресей сияқты үш мүшесі Ирақ мәселесіне арнап конференция өткізуге шақырды. Ауғанстан мәселесіне арналған Бонн конференциясы сияқты шараның қажеттілігіне бас хатшы Кофи Аннан сияқты тұлғалар күмән келтіреді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG