Accessibility links

Түркия терроризмге барша қауым болып төтеп беруге үндеу айтты


Түркия Ұлттық қауіпсіздік кеңесі кеше Стамбулдағы жарылыстарды талқылап, халықаралық терроризмге барша қауым болып төтеп беруге үндеу айтты. Елуден астам адамның өмірін қиып, бірнеше жүз адамды жарақат қылған шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен бірнеше азамат қамауға алынды. Британия сапарын кеше аяқтаған АҚШ президенті Джордж Буш екі одақтас әлемнің қауіпсіздігін қамтуға одан сайын күш салады деп мәлімдеді. Америка Құрама Штаттары мен Британия өз азаматтарына қайрылып, қажет болмаса Түркияға сапар шекпеуге шақырды. Түркияның басты қалаларында бүгін наразылық шерулері өтеді.
XS
SM
MD
LG