Accessibility links

Америка Джон Кеннедиге жасалынған қастандықтың 40 жылдығын еске алуда.


1963 жылдың 22 қарашасы күні сол кездегі АҚШ президенті Джон Кеннеди әйелі Жаклинмен Даллас көшесімен үсті ашық лимузинмен өтіп бара жатқан кезде оққа ұшқаны белгілі. Оны атқан сол оқиғадан 4 жыл бұрын Совет Одағына қашып кеткен бұрынғы американдық теңізші Ли Харви Освалд деп табылғаны белгілі. Освалд орыстан әйел алып Америкаға сол оқиғадан 2 жыл бұрын қайтып оралған еді. Освалд тұтқындалғаннан кейін араға екі күн салып бір түрмеден екінші түрмеге апарыла жатқан кезінде оққа ұшты. Оны атқан мафиямен байланысты түңгі клуб меңгерушісі Джак Рэби болды. Ол сотталып түрмеде көз жұмды. ҚШ жоғары сотының комиссиясы Кеннедиді атқан Освалд жеке өзі әрекет еткен деген қорытындыға келді. Бүгін Кеннедидің опат болуына 40 толуына орай сөйлеген сөзінде ҚШ президенті Дж. Буш Кеннеди біздің ұлтты ұлы мақсаттарға үндеген тұлға болды деді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG