Accessibility links

Тбилисиде бүгін де шеру.


Тбилиси. Бүгін Грузияның жаңа сайланған даулы парламенті жиылып елде қалыптасқан саяси дағдарысты шешуге әрекет етпек. Ал, оппозиция болса Тбилисиде елдің түкпір-түкпірінен келген ондаған мың адамммен бірге қарсылық шеруін өтікізіп жатыр. Оппозиция ел президенті Эдуард Шеварнадзені қызметтен кетуге үндеуде. Шеварнадзе бүгін телевидение арқылы сөз сөйлеп оппозициялық шеру халық сайлаған парламент жұмысына кедергі келтіргелі отыр деді. Кеше оппозиция басшысы Михаил Сакашвили өзін қолдаушылармен өткізген шеру барысында Шеварнадзе қан төгілмей тұрғанда биліктен кетуі керек деген еді. Ол сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлерін бұл жанжалға араласпауға шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG