Accessibility links

Ирақта кеше 16 адам қаза тапты


Ирақта кеше екі қалада екі шабуыл бір мезгілде жасалып, кемінде 16 адам қаза тапты, кемінде 25 адам жарақат алды. Бомбашы жанкештілер Хан Бани және Бақұба қалаларында полиция бекеттерін жарды. Қаза болғандардың барлығы – Ирақ азаматтары, олардың көпшілігі полиция офицері. Мерт болған қарапайым азаматтардың арасында балаларда бар. Бағдад әуежайынан ұшқан германиялық жүк ұшағы кеше зымыранмен атқыланды. Ұшақ қолма-қол кері оралды. Адам шығыны болған жоқ. Германиялық Ди-Эйч-Эл компаниясы Бағдадқ қатынастарын уақытша тоқтатты. Түбегейлі шешім дүйсенбіде қабылданбақ. Иорданиялық әуе компаниясы да Бағдадқа қатынасын тоқтатты.
XS
SM
MD
LG