Accessibility links

Грузияда оппозициялық топ Парламент залына басып кірді


Қарашаның 22сі сенбіде Гүржістандағы саяси аласапыран одан әрі жалғасып, президент Шеварднадзеге қарсы күштер Тбилисидегі Парламент үйіне басып кіріп, президенттің ол арадан қашып шығуына мәжбүр етті.

Соңғы сағаттарда Тбилисиден келіп түсіп жатқан хабарларға қарағанда, Гүржістандағы саяси ахуал одан әрі шиеленісе түскен. Қарашаның 22сі сенбіде оппозициялық топтардын жүздеген белсенді Гүржістан парламенті үйіне басып кіріп, президент Шеварднадзенің ол ғимараттан қашып шығуына мәжбүр еткен.

Шеварднадзе оны үкіметтік төңкеріске әрекет деп, мемлекеттік төтенше жағдай жариялаған.

Президент егер парламент қарашаның 24іне дейін бұл жағдайды мақұлдамаса онда, әскери күштер көмегімен бақылауға алуға бұйрық бермекші. Оппозиция тәртіп сақтық күштерінің Шеварднадзеге мойынсынбай отырғандығын айтады. Бәсекелес топтардың бірінің жетекшісі Нино Бұрджанадзе төңкерістің орнына өзін Гүржістанның уақтынша президенті деп жариялады.

- Біздің жетістігіміз тек қана өзімізге байланысты емес, өз бостандығы қадыр-қасиеті үшін күресуі қажетті гүржі халқына да тікелей байланысты - дей келе.

Бұрджанадзе өз жерлестерінің парламент ғимараты алдына көптеп келуін сұрады.

– Сіздердің көп болып белсенділікпен бізді қолдауларыңыз ғана үкіметтің өз халқына қарсы қиянат жасамауына мәжбүр ете алады, - деген Бұрджанадзе.

Ал тағы да бір беделді оппозиция жетекшісі Саакашвили парламент мінберінен тұрып , Гүржістанда мақпал төңкеріс басталып кетті, деген кезде зал қол шапалақтап жіберген. Бұл сөзімен ол 1989-жылы ол кездегі Чехословакия да болған төңкеріс кезінде коммунистердің қуып шығылып, билік басына диссидент драматург Вацлав Хавелдің отырғызылғандығын еске салды.

Ол қашып шығып бара жатқан президентке жақсылықпен қызметіңнен кет, болмаса зорлықпен кеткіземіз, Жолдастар, біздің айтқанымыз қазір болмаса кейін арманымыз іске аса алмас, - деген Саакашвили.

Бұл арада қарсылас екі топ арасында жаға жыртысулар да болап жатты. Бірақ Саакашвили өзінің зорлық-зомбылық, күш көрсету арекетіне қарсы екендігін айтты.

- Біз парламентпен бейбіт келісімді қалаймыз. Парламент төрағасы Бұрджанадзе төрағалық етуімен мәселе шешіледі. Біз қару-жарақ қолданбай кірдік, дейді ол.

Бірақ Парламенттен сыртта қалған Шеварднадзе: - Мен мемлекеттік төтенше жағдай жариялаймын. Бұрықпен бұл іске Қорғаныс министрі мен İшкі істер министрлігі араласатын болады. Бі тәртіп орнатамы, қылмыскерлер жазаланады, деген.

Ал жексенбі күні Гүржістан Қорғаныс министрі Давид Тевзадзе президенттің қантөгістік әрекеттерге бармауға бұйрық бергендігін айтты.

Түнімен Парламент алдында күзетте болған оппозициялық топтар жексенбі күні Тбилиси көшелеріндегі өз бақылауын одан әрі жалғастырды.
XS
SM
MD
LG