Accessibility links

Алматы әкімшілігі қаланың батыс бөлігіндегі Ақбұлақ мекені ауданында жаңа шағын аудан тұрғызбақ.


АЛМАТЫ: Алматы әкімшілігі қаланың батыс бөлігіндегі Ақбұлақ мекені ауданында жаңа шағын аудан тұрғызбақ. Ол жайында Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында әкім Виктор Храпунов хабарлады. Жаңа шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің аумағы 2 млн. шаршы метрді құрайды деп жобалануда. Ол жерде, қала бағдарламасына сәйкес, көп пәтерлі тұрғын үйлер салынып, жердің бір бөлігі жеке-меншік үй құрылысына берілмекші. Әкімшілік жаңа шағын ауданды инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етеді. Әкім В.Храпуновтың хабарлауынша, 2004-інші жылы қалада 2 орта мектептің құрылысы басталады. Жалпы Алматыға жыл сайын жаңа 2-3 мектепті салу қажет көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG