Accessibility links

Маңғыстау облысындағы ірі 40 және 103 орташа кәсіпорын мен ұйымның жалпы табысы 1,9 есе ұлғайып, 9,5 млрд. теңгені құрады.


АҚТАУ: Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысындағы ірі 40 және 103 орташа кәсіпорын мен ұйымның жалпы табысы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 1,9 есе ұлғайып, 9,5 млрд. теңгені құраған. Ол жөнінде Қазақстан тудэй агенттігіне облыстық статистика басқармасынан хабарланған. Маңғыстау өңіріндегі кәсіпорындардың орташа табыстылығы 35 пайызды құраған. Өткен 9 айда табыстың басым бөлігі – 95 пайызын немесе 9 млрд. теңге тау-кен өнеркәсібі есебінен түскен. Қозғалмайтын мүлікпен жұмыс істейтін кәсіпорындардың есебінен 4,5 пайызға жуық және құрылыс есебінен 1 пайызға жуық табыс түскен.
XS
SM
MD
LG