Accessibility links

Жапония мен Қазақстан саясат пен экономика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді.


АСТАНА: Жапония мен Қазақстан саясат пен экономика саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді. Күншығыс елінің сыртқы істер министрі Ичиро Фудзисаки мен ҚР-сының сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың жүздесуінен соң тараптар осындай қорытындыға келді. Ичиро Фудзисакидің журналистер алдында атап көрсеткеніндей, Токио екі ел арасындағы тауар айналымын және инвестицияларды ұлғайту мәселесін қарастыруға ерекше ықылас білдіруде. ҚР-сының Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы жапон инвестицияларының ауқымы қазір 845 млн. долларды немесе елдегі барлық шетелдік инвестициялардың 3,5 пайызын ғана құрайды. Екі жақты тауар айналымы өткен жылы 187 млн. доллар болған.
XS
SM
MD
LG