Accessibility links

Пәкістан Кашмир территориясын пәкістандық және үнді жағына бөлетін шекаралық сызығындағы атысты біржақты доғаратынын мәлімдеді.


ИСЛАМАБАД: Пәкістан Кашмир территориясын пәкістандық және үнді жағына бөлетін шекаралық сызығындағы атысты біржақты доғаратынын мәлімдеді. Пәкістан премьер-министрі Зафарулла Джамали елдің қарулы күштеріне тыныштықты сақтауға бұйырып, өз үкіметі екі ел арасындағы көлік байланысын қайта жалғастыру туралы келіссөздерге отыруға дайын деп хабарлады. Ресми Дели Исламабадты Кашмир сепаратистерін дайындап, қаржыландырып жатыр деп айыптауда. Соңғы жарты ғасырда Үндістан мен Пәкістан Кашмир үшін өзара екі рет соғысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG