Accessibility links

Қазақстандағы түрме жағдайының ауыр көрінісі


Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро бірнеше жылдан бері Қазақстандағы түрмедердің ауыр жағдайын, онда жазасын өтеп жатқандарды аяусыз ұрып-соғу, қорлық пен зорлық-зомбылықтардың өрескел жағдайға жетуін зерттеп, бақылауға алған. Мұндай жағдай әсіресе соңғы кездері күрт нашарлап, ахуал адам төзгісіз асқынып кеткен көрінеді. Міне, осындай алаңдатарлық мәселе жөнінде айтып, дүйсенбі күні құқық қорғаушылар журналистерді таныстырды.

Қазақстандық құқық қорғаушылар бірқатар абақтылардағы заңсыздықтар мен күш көрсету өрескел жағдайға жетіп, онда қамауда отырғандардың аяусыздықпен жазаланатындығын ортаға салды.

- Бюро осындай көптеген фактілердің орын алғандығын тіркеді. Ондай оқиғалар жеткілікті, - дейді қазақстандық бюро жетекшісі Евгений Жовтис. - Түрмелерге адам құқықтарын қорғау ұйымының өкілдері жиі барып тұрады. Бұл салада реформа жүргізу әлдеқашан пісіп-жетілген. Қазақстанда да осыған сәйкес іс-шаралар қолға алына бастағанымен, әзірге оң нәтижесін көрмей отырмыз.

Түрме саласы Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігі құзырына берілгенімен, одан өзгере қойған жағдай байқалмайды. Қазақстан жаңа қылмыстық процессуалдық кодекс қабылдады. Сол құжатпен түрме жүйесі де дұмыс істеуде. Осы кодекс бойынша республика халықаралық стандартқа сәйкес жұмыс істеуге әрекет жасаған болды. Алайда Кеңестік кезеңнен қалған жүйе істің ілгері жылжуына мүмкіндік берер емес. Өйткені ол жүйе жазалау, репрессия шараларына негізделген. Ол тәрбиелеуге емес, зорлық-зомбылық пен өктемдікке бейім дейді сала мамандары.

Бірнеше жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро ЕЫХҰ , халықаралық түрме реформасы, Еуропа одағы секілді халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, жобалар жасады.

Соңғы бірнеше айдан бері, әсіресе көктемнен бастап Қазақстан түрмелеріндегі жағдай алаңдаушылық тудырып отыр, дейді Евгений Жовтис. Бұл салада ілгерілеушілк орнына кері кетушілік байқалады. Адамдарды тәрбиелеу тәсілі ұрып-соғып, зорлықпен жүргізілуде.

Осыған орай адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро жетекшісінің орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова бірқарар түрмелерді аралап шыққанын, сондағы өрескел заңсыздықтардың куәсі болғандығын айтады. Осыған мысал ретінде абақтыда отырған Андрей Пашковтың зорлық-зомбылық салдарынан түрмеде көз жұмғандығын тілге тиек етіп, бейнематериалдар көрсетті. Сондай-ақ таяуда ғана жазасын өтеп шыққан екі азаматтың абақтылардағы адам төзгісі ахуал мен ешбір ақылға сыймайтын зорлық әрекеттер туралы айтқандары мысалға келтірілді.

Осылайша Қазақстан түрмелеріндегі заңсыздық, адам құқықтарын жаппай бұзу мен аяққа таптаушылық осы сала мамандары тарапынан алаңдаушылық туғызып отырғанын көрсетеді.
XS
SM
MD
LG