Accessibility links

Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты 30 пайызға дейін азаяды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қарашаның 24-і күні Ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков, осы қызметке кіріскен 2 ай он екі күнде жасаған пайымдарымен депуттардың алдына өзі сұранып келіп баяндап берді.

Министр алдымен осы саладағы қолға алған істерін және материалдық-техникалық жағдайдың барысын сөз етті.

Ішкі істер министрінің бұрын алты орынбасары болса, бүгін олар 4-еуге азайтылыпты. 21- департамент 15-ке дейін қысқартылған. Орталық аппараттағы 1250 қызметкерді де министр айтарлықтай көп деп есептейді. Сөйтіп, жыл ішінде олардың санын отыз пайызға дейін азайту көзделуде. Мұндай жағдайда орталық аппарат қызметкерлері облыс, қалаларға учаскелік инспектор қызметіне жіберілмек. Министрлікте 350-дей ғана компьютердің болуын министр үлкен проблемаға қосты. Олардың 140-ы ескі үлгідегі компьютерлер екен.

Ішкі істер министрлігі саласында 108 мың қызметкер жұмыс жасайды.

Зауытбек Тұрысбеков, алдымен учсакелік инспекторлардың еңбекақысын 40 мың теңгеге дейін көбейткенді жөп санайды. Екінші кезеңде жасөспірімдер істер саласындағы қызмектерлердің жалақысын 35 мың теңгеге дейін, үшінші кезеңде патрульдік қызметтегілердің айлығын ұлғайту керек деп есептейді.

Үкімет сағаты барысында Зауытбек Тұрысбеков көтерген мәселелер негізінен материалдық жағдайын көтеруге байланысты болды.
XS
SM
MD
LG