Accessibility links

Облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің деректеріне қарағанда, Ақмола өлкесінде қарашаның 1-не дейін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда барлық шаруашылық нысандарында мал мен құстың өсуі байқалды.


Соның ішінде ірі қара мал 412,2 мың басқа жетті. Сөйтіп өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 102,4 пайызға өсті. Сондай-ақ, қазіргі кезде аймақта 246 мың қой мен ешкі, 230,9 мың шошқа, 91 мың жылқы бар. Мал басы мен құстың, мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі негізінен жеке меншіктегі шаруашылық есебінен жүзеге асып отыр,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
XS
SM
MD
LG