Accessibility links

Жыл басынан бері Ақмола өлкесіне 2 012 адам көшіп келсе, 6 257 адам қоныс аударған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика жөніндегі басқарманың мәліметтеріне сілтеме жасап.


Соның ішінде шетелге 2 891 адам көшіп кетсе, 267 адам келген. ТМД елдеріне 3 366 адам қоныс аударса, 1 745 адам табиғаты әсем Көкше өңіріне көшіп келген. Шет елден көшіп келгендердің 41,7 пайызы қазақтар, 38,9 пайызы орыстар, 5,8 пайызы украиндықтар мен немістер, ал кеткендердің 47 пайызы орыстар, 31,8 пайызы немістер, 9,9 пайызы украиндықтар. Немістердің 60,3 пайызы Германияға ал орыстардың 67,1 пайызы ТМД елдеріне кеткен. Өткен тоғыз айда оралмандар отбасыларына Целиноград, Аршалы, Ақкөл аудандары мен Көкшетау, Степногор қалаларында 200 үй сатып әперілді.
XS
SM
MD
LG