Accessibility links

Жыл басынан бері Ақтөбе өлкесіне 141 оралман отбасы көшіп келді.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы Жеткерген Оралмағанбетов хабарлады. Олардың қоныс аударып келуіне республикалық бюджеттен 98 млн. теңге бөлінді. Облыс орталығында бауырларды орналастыру үшін 4 пәтер сатып алынды, ал қалған отбасыларға тұрғын үй аудандардан берілді. Атап айтсақ, 30 отбасы Мұғалжар, 35 отбасы Алға, 15 отбасы Хромтау, 19 отбасы Мартық аудандарынан тұрғын үйге ие болды. Сондай-ақ, 7 отбасы Темір, 27 отбасы Құрайлы ауылын, 4 отбасы Қарғалы ауылын мекенденетін болады. Жалпы алғанда, Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық оралмандар тұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG