Accessibility links

АҚШ өкіметі өзінің Гуантанамодағы әскери базасында отырған 20 тұтқынды босатты.


ВАШИНГТОН: АҚШ өкіметі өзінің Гуантанамодағы әскери базасында отырған 20 тұтқынды босатты. АҚШ-тың қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, босатылған шетелдік тұтқындардың барлығы отандарына аттандырылды. Жексенбіде Гуантанамо базасына тағы 20 тұтқын жеткізіліп, қазір онда “Әл-Қаида” немесе талибандарға қатысы бар деген күдікпен бас-аяғы 660 тұтқын қамауда отыр. Адам құқық қорғаушы ұйымдар АҚШ-ты күдіктілерді ешбір сотсыз қамауда ұзақ ұстап отыр деп айыптауда.
XS
SM
MD
LG