Accessibility links

Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздердің жаңа кезеңі не 17-нші, не 19-ыншы желтоқсанда басталуы ықтимал.


ВАШИНГТОН: Солтүстік Кәрейдің ядролық бағдарламасы бойынша көп жақты келіссөздердің жаңа кезеңі, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Лосюковтың есептеуінше, не 17-нші, не 19-ыншы желтоқсанда басталуы ықтимал. Вашингтонда ол АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Джеймс Келлимен кездесті. Солтүстік Кәрей, Ресей және АҚШ-тан басқа, көп жақты келіссөздерге Қытай, Оңтүстік Кәрей және Жапония қатысуда. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Кәрейді оның қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, ядролық бағдарламасынан бас тартуға үгіттеуде.
XS
SM
MD
LG