Accessibility links

Грузиядағы оқиғаға орай Алматы коммунистерінің қөзқарасы


Соңғы тәуліктерде әлем жұртшылығының назарында Грузияда орын алған жағдай тұр. Осыған орай Қазақстан жұртшылығы да өз ойларын айтып, пікірлерін білдіруде. 25 қарашада Алматы қалалық коммунистердің солшыл қанаты Президент Шеварднадзенің қызметінен кетуіне орай және қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты бас қосып , өз ойларын, пікірлерін айтып жатты. Алдымен сөз алған Алматы қалалық коммунистерінің жетекшісі Арсентий Аполимов осыған орай мәлімдеме жасады.

- Қазақстан бұл тоқулардан қорытынды шығаруы керек. Назарбаев режимі өзінің барлық айла-әдісін тауысып болды. Біз үшін халықтың қолдауын тауып, бұқара жұртшылықты социалистік бағытқа көтеру керек, - дейді Аполимов. - Халық бас қосып, республиканың ыдырауына жол бермеуіне жұмылдыруымыз тиіс дегенді айтты.

Бұл мәселе жөнінде қарт коммунистердің бірі Әбдірахман Масақбаев та пікірін білдіріп, бұл оқиғадан ТМД елдерінің өзге басшылары сабақ алуы тиіс. Басшылар еркінсіп кетпей, халықпен санасандары жөн, олар ел мүддесіне жұмыс істеуі керек дегенді айтты.

Сондай-ақ, дәл осындай ойды орыстың тіркелмеген Отандастар партиясының басшыларының бірімін деп жүрген Жақсыбай Бәзібай да ортаға салды.

Осылайша коммунистер Грузиядағы оқиғаға өз көзқарастарын білдіріп, біраз даурығып барып тарасты.
XS
SM
MD
LG