Accessibility links

26-27 қарашада Алматыда “ХХІ-інші ғасырдағы орта білім: ізденістер, проблемалар, келешек” деген тақырыпта мұғалімдердің ІІ-нші республикалық оқулары өтеді.


АСТАНА: Бүгін және ертең Алматыда “ХХІ-інші ғасырдағы орта білім: ізденістер, проблемалар, келешек” деген тақырыпта мұғалімдердің ІІ-нші республикалық оқулары өтеді. Ол туралы ҚР-сының білім және ғылым министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады. Бұл оқулардың мақсаты – білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа жолдарын қарастыру жолында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді насихаттау. Аталмыш шараға бүкіл республикадан педагог-ғалымдар мен жаңашыл мұғалімдер және білім беру саласына қарайтын ұйымдардың өкілдері шақырылып отыр. Оқулар барысында мектепке дейінгі білім мен орта және кәсіптік білім беру үрдісіне қажетті жаңа технологиялар мен әдістер туралы 330-ға жуық баяндама тыңдалады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG