Accessibility links

Желтоқсанның 18-інен әрі қарай “Эйр Қазақстан” жолаушы әуе компаниясы Прага қаласымен арада тұрақты қатынай бастайды.


АЛМАТЫ: Желтоқсанның 18-інен әрі қарай “Эйр Қазақстан” жолаушы әуе компаниясы Прага қаласымен арада тұрақты қатынай бастайды. Ол жөнінде қазақ ақпарат агенттігіне “Эйр Қазақстан” компаниясының коммерциялық басқармасының басшысы Жанбербай Қанарбаев хабарлаған. Алғашқыда, қысқа маусымда, ұшақтар Прага қаласына аптасына бір рет қатынап, жолда Киевке аялдайтын болады. Жазда аптасына 2 рет қатынап, жолаушылардың шама-шарқысына қарай, ұшудың түр-түрлі тарифі, оның ішінде Чехияда оқып жатқан қазақ жастарының мүддесі де ескеріліп, арнайы студенттік тарифтер де қарастырылған. Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ, туристік және экскурсиялық тарифтермен ұшуға да мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG