Accessibility links

3 күндік сапармен Италияға келген Далай Лама бүгін Рим Папасы Иоанн ІІ-інші Павелмен және Италияның бірқатар саяси және мемлекет қайраткерімен кездеседі.


РИМ: Далай Лама 3 күндік сапармен Италияға келді. Тибеттің рухани көсемін Рим Папасы Иоанн ІІ-інші Павел және Италияның бірқатар саяси және мемлекет қайраткері қабылдайды деп күтілуде. Алайда премьер-министр Сильвио Берлусконимен алдын-ала жоспарланған кездесуінің болуы қазір екіталай болып тұр. Саяси шолушылардың пікірінше, Италия үкіметінің төрағасы Қытаймен арадағы қарым-қатынасын ушықтырып алмас үшін, ол кездесуден бас тартуы ықтимал. Шетелде қуғында жүрген Далай Лама 50-інші жылдардың басында Қытайға күштеп қосылған Тибеттің тәуелсіздігі үшін белсенді түрде күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG