Accessibility links

Гүржістанның бұрынғы парламенті кезектен тыс президент сайлауын 2004-інші жылдың 4-інші қаңтарында тағайындады.


ТБИЛИСИ: Гүржістандағы кезектен тыс президент сайлауы жаңа жылдың 4-інші қаңтарында өтеді. Сейсенбі күні 1999-ыншы жылы сайланған Гүржістан парламенті осындай шешім қабылдады. Сейсенбі күні президент міндеттерін атқарушы Нино Бурджанадзе жуырдағы парламент сайлауының қорытындысын бұрмалау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Осы күні Н.Бурджанадземен кездесуінен соң Гүржістанның мемлекеттік министрі Автандил Джорбенадзе мен қаржы министрі Мериан Гогеашвили қызметтен кететіндерін мәлімдеді. “Мзе” телекомпаниясының хабарлауынша, сыртқы саясат мекемесінің жетекшісі Ираклий Менагарашвили де қызметтен бас тартқан. Ресми түрде бұл ақпар әлі расталған жоқ. “Азаттық” Радиосының тілшісі хабарлағандай, президенттің міндетін атқарушы Нино Бурджанадзе Гүржістанның аумағындағы төтенше жағдайды тоқтатты. Қарама-қатар Аджария автономиясының жетекшісі Аслан Абашидзенің жарлығымен осы республикада 1 ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды. Аджария өкіметінің мәлімдеуінше, Гүржістандағы оқиғаны мемлекеттік төңкеріс деп бағалайды, сондықтан да заңды президент сайланғанша Тбилисимен арадағы қарым-қатынастарын үзеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG