Accessibility links

Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтар өсе түсуде

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

25-ші қараша- Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтарды жою жолындағы күрес күні. Күні бүгінге дейін талай елдерде бұл қиын-түйіннің өсе түскендігі жөнінде арнайы мәліметтер жариялануда.

Әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтардың түрі көп. Оның кейбір басты-басты түрлері жөнінде БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Нью Йоркте, Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты ауыздықтау күнінде жасаған баяндамасында тоқталып өтті. Атап айтқанда, халықаралық дәрежеде әйел саудасының, сондай-ақ оларды зорлау жағдайларының көбейіп кеткендігі анықталып отыр. Осындай дәрежеде баса айтылмаса да күні бүгінге дейін кең таралған күйде сақталып отырған зорлық түрі- отбасы жағдайында әйелдерді ұрып-соғу болуда. Олар негізінен достасып жүрген жігіті, күйеуі тіпті әкесі тарапынан да тән соққыларын алып, жазылмас жан жарасына ие болуда. Мұндай келеңсіз жайыт жұмыр жер бетінің барлық түкпіріне дерлік таралып үлгерді десе болғандай-, дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Жереми Бранстн. Тіпті бай елдер қатарынан саналатын Канаданың өзінде үйленген әйелдердің 25 пайызы өз күйеулерінен өмірлерінде тым болмағанда бір рет соққы алған боп шықты. Мұндай құбылыс барлық елде дерлік, бірақ түрлі деңгейде кездесетіні белгілі. Алайда, олардың арасындағы бар айырмашылық өкімет орындарының аталған қиын түйінді жою жолында қандай тұрғыда әрекет етіп жатқандығында. Мысалы, өткен жылдарда Батыс Европа мен Солтүстік Америкада зорлыққа душар болған әйелдерге көмек қолын созуда заңдар біраз жұмыс істеген болатын. Бұл тұрғыда айтарлықтай оң өзгерістердің орын алуында Өкіметтік емес ұйымдар дейтіндердің атқарған жұмыстары ересен-, дейді мақала ауторы. Ең алғашқы қадам-қоғамда осындай проблеманың бар екендігін танудан басталған болатын. Әйелдерді қорғау бойынша Австрияда орналасқан ұйым өкілі Верена Каселитз ханым Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деді: “Менің ойымша, жекелеген мәдениеттерде өз қоғамындағы, сондай-ақ отбасындағы орын алып отырған мұндай проблеманың бар екендігін мойындау үшін де көп уақыт қажет болады. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты ауыздықтау бағытында Австриядағы, сондай-ақ Германия, Швеция, Британия және Франция сияқты елдердегі әйелдер қозғалысының 30 жыл ішінде атқарған қызметтері ересен”-, деді ол. Каселитз ханымның пікірінше, Өкіметтік емес ұйымдар қызыметінсіз Аустрияда, 30 жыл ішінде мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді. Сол кезеңнен бастап, өздерінің зорлық-зомбылыққа ұшырағаны жөнінде хабарлаған әйелдерге елдегі заң бойынша барынша қолдау көрсетіліп келеді. Сондай-ақ Аустриядағы әйелдер жағдайының күрт жақсаруы жолында түрлі әйелдер ұйымы аянбай тер төгіп келеді. Олардың бірі заңдық реформаларға назар аударса, екіншілері әйелдер денсаулығын қорғау жайына, ал үшінші әйелдер ұйымы олардың зорлыққа ұшырауының себептерін зерттеумен айналысқан болатын. İс барысында ол ұйымдар ресми орындармен қарсыластар емес, әріптестер ретінде жұмыстарын құра білді. Соның нәтижесінде қол жеткізілген табыстар- едәуір. Австрия сияқты Мажарстан елі де мұндай келеңсіз тірліктерді жазалау үшін қылмыстық кодексте оны арнайы қылмыс түрі ретінде белгілеп отыр. Бұл елде де істі жедел жолға қою керек-, дейді сарапшылар.
XS
SM
MD
LG