Accessibility links

«Жалын» журналының қайта жарыққа шықты


Сәрсенбі күні Алматыда «Жалын» журналының бірнеше жылғы үзілістен кейін қайта шығуының тұсаукесері болды. «Жалын» әдеби-көркем журнал болғандықтан, қазақ әдебиетінің озық шығармаларын оқырмандарға жеткізуді мақсат етеді.

Журнал бұдан былайғы сандарында «Түркі дүниесінің классиктері» айдарымен бауырлас әдебиет тұлғаларын таныстырып, жаңа дүниелерді таныстырып отыратын болады.

- Басылым өзінің әр санында бір күрделі рухани, әлеуметтік проблемаларды көтеріп отырмақ,-дейді «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов.- Журнал руханиятқа негізделген. Алдағы уақытта оны өте биік талғаммен шығармақпыз. Осы жолы алғашқы санына келіп түскен материалдардың 95 процентін кері қайтардық. Бізге келіп түскен ақындардың өлеңдері де орташа деңгейде, дегенді айтады.

Журнал қалың оқырманға арналған.
XS
SM
MD
LG