Accessibility links

Грузияға ҚШ кеңесшілері жіберілетін болды.


Тбилиси. ҚШ Грузияға бұл елде қаңтардың біріне белгіленген президенттік сайлау бойынша Грузия басшылыгына жәрдем беретін топ аттандырғалы отыр. Бұ жәйлі ҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Ричард Баучер мәлімдеді. Делегация ҚШ мемлекетік департментінің мамандарынан жасақталған. Бұ кезде Мәскеуде Грузияның жікшіл аймақтары Түстік Осетия, Абхазия басшыларының кездесуі басталғаны белгілі болды. Грузия парламенті бүгінгі отырысында алдағы жылы өтетін парламенттік сайлау мерзімін белгілемек. Кеше Грузия Жоғарғы соты дауыс беру нәтижесі бұрмаланды деп дау тудырған 2 қарашада өткен парламенттік сайлауды заңсыз деп тапты. Президенттің міндетін атқарушы Нино Буржанадзе кеше: "Бюджет қоржыны бос тұр. Мемлекеттік бюджет нолге отырды. Зейнетақыны да төлей алмай отырмыз", - деді Буржанадзе. Бүгін Грузияның біріккен оппозициялық партиялары бас қосып оппозиция атынан бір үміткер Михаил Сакашвилиді президенттікке ұсынатынын мәлімдеді. Бұ жәйлі біріккен оппозиция атынан бүгінде Грузия президентінің міндетін атқарушы Нино Буржанадзе мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG