Accessibility links

Шиит топтарының айтуынша, Ирақтағы көпшілік мәртебесінен қорқудың еш қажеті жоқ..


Беделді шиит саяси көсемінің айтуынша, ол тек уақытша Ирақ үкіметін тікелей сайлауларын қолдайды және болашақ демократиялық Ирақта басты биліке шииілердің ие болуын қалайды.

Аятолла Әли -әл Систани басқаратын шииілердің белді Әл -Хауса Әл Илмиа ұйымының беделді өкілдерінің бірі аятолла Мұхамет Әл-Яақуби шайқы. Бұл ұйым Нажаф шахарында орналасқан оның басшылары күллі әлем шииілері үшін діни және саяси мәселер бойынша ең жоғарғы орын болып есептеледі.

Әл-Яақубидың айтуынша, Әл-Хауса тағайындалатын не таңдалып алынатын уақытша үкіметтті қолдамайды, оның пікірінше, уақытша үкіметтің сайланып алынуы үшін ешқандай тікелей кедергілер жоқ.

"Ирақтың бәлки 80 пайызы тұрақты және біз бұрынғы бар тәжірбиемізге сүйеніп Жоспарлау министрлігі мен Ағарту министрлігі арқылы сайлаулар өткізе аламыз." Оның айтуынша, сайлау орындары мектептерде орналастаырылып, сайлау нәтижелерін мұғалімдер мен басқада жергілікті қауымның өкілдері бақылайды.

Әл-Яақубидің айтуынша, тіпті АҚШ-тың өзінде сайлаулар ешқашан 100 пайыз сайлаушылардың қатысуымен өтпейді. Ол сондай-ақ Ирақтағы көпшілікті құрайтын шииілердің Ирақты басқаруы орынды және Араб әлемі мен Батыстың бұдан қорқуының еш қисыны жоқ. Өз сөзін жалғастырып Әл-Яақуби:

"Мен олардың не себепті шииі үкіметі Ирандағыдай болады деп үрейленуін түсінбеймін. Жоқ, сайлаулар бұған алып келмейді, өйткені біз парламенттік үкіметке ие боламыз. Бұл Ирандағыдай жоғарғы дін басыларының билігі уәлайат Әл- Фақих емес."

Әл-Яақубидың айтуынша, Әл-Хауса федералдық әлсіз мемілекет Күрт, Шииі және Суні бірлестігінің құрылғанына қарсы. Саяси тұрғыдан біз автономиялық құрылымдарсыз қуатты орталық үкіметті қолдаймыз, федерализм туралы кез келген әңгіме Ирақтың бөлінуіне әкеліп тынады. Ирақ егемендігі қалпына толық келтірілгеніне қарамастан АҚШ қосындары бұл елде қала береме деген сауалға Әл-Яақуби," олар кете қоймас, олар бұнда тек Ирақ демократиясы үшін ғана келген жоқ. Олардың бұнда өз мүделері бар", - деді.

Бірақ дейді Әл-Яақуби, АҚШ шииілердің елдегі маңызымен санасуы тиіс. Өйтпеген жағдайда АҚШ халық көтерілісіне тап болуы ықтимал.

"Шииілер сабырлы, өйткені оларға бейбіт келіссөздер арқылы құқықтар берілетіндігіне сенімді. Бірақ олар бірдеңенің дұрыс еместігін байқаса онда олар бұны басқаша түрде жеткізетін болады."

Әл-Яақубидің айтуынша, егер халық өздерінің алданғанын сезінсе онда олар одақтастар қолына қарсы құран қағидаларынсыз немесе діни басқарушылықсыз ақ өре көтеріледі.
XS
SM
MD
LG