Accessibility links

АҚШ-тың Гуантанамо әскери тұтқындар лагеріне байланысты британдық судья қатаң айыптау жасады.


Британияның жоғарғы судияларының бірі АҚШ-тың терроршылдықта сезіктілерді Кубадағы Гуантанамо базасында ұстап отырғанын қатаң сынады. Заңгер Лорд Джоан Стейн американ саясатын "өрескел сот қателігі" деп атады. АҚШ-тың терроризмен күресі барысында Гуантанамо тұтқындар лагерінің мәселесінде бұндай көрнекті тұлғаның сын айтуы, тағыда сауалдар тудырады.

Сейсенбі күні британдық Заңгер Лорд Джоан Стейн американ саясатын "өрескел сот қателігі" деп атады.

АҚШ Қарулы күштері Гуантанамо шығанағындағы базада негізінен шетелдік азаматтардан тұратын 660 тұтқынды ұстап отыр. Бірінші қамауға алынғандар 2002-інші жылы Ауғаныстанан жеткізілді, олар соғыс тұтқындары емес, "дұшпандық пиғылдағы қару ұстағандар " деп танылды.

Буш әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл американ заңында бұрын соңды болмаған ұғымға сай қолға түскендерге 1949-ыншы жылы қабылданған Женева Келісімдерінің әскери тұтқындарға беретін мәртебесі жүрмейді. Ұлықтардың айтуынша, тұтқындалғандар түбінде сотқа тартылады, бірақ олар соғысушы тараптың өкілдері ретінде терроршылдықпен соғыс аяқталғанша қамауда отыра беруі мүмкін. Бұл мәселеге орай тіпті американың одақтас елдерінің заңгерлерінің өздері күмән тудырып отыр.

Британияның Дарем Университетінің халықаралық заң профессоры Колин Уобриктің айтуынша,

"Бұл түсінікті секілді, Гуантанамода отырған адамдарға байланысты азын аулақ анықтамаларға сүйенсек олардың кейбірі өздерін Талибан жасақтарымыз дейді. Және егер біз Талибанмен соғыс аяқталғанын ескерсек онда олар әскери тұтқындар, ондай жағдайда егер олардың қылмыстар жасамағаны белгілі болса, онда олар бостандыққа шығуы тиіс. Және егер олардың қылмыс жасағандарының дәлелі болса, онда оларды айыптап, әділ үкім шығару керек, бұны Женева Келісімдері талап етеді."

Ал Бельгияның Гент Университетінің халықаралық заңдар профессоры Марк Коген болса Буш әкімшілігін қолдайды. Оның айтуынша, АҚШ қиын-қыстау кезеңде ең дұрыс шешім қабылдады, және әлем халықаралық терроршылдық бас көтерген шақта жаңа заңдарға зәру.

"Терроршылдыққа қарсы ғаламдық соғыс біздің уақытымызда жаңа құбылыс. Және біз қалыптасқан жағдайға қайтадан үңілуіміз қажет. Және халықаралық террорлық ұйымдардың жұмыс жасасауы, бұл жаңа құбылыс, жәй терроршылдық емес, бірақ халықаралық терроршылдық ұйымы, сондықтан біз бұл қалыптасып отырған жағдайда қарулы қақтығысқа байланысты қағидалар ойлап тауып және заңдарды жаңаша талқылауымыз қажет." Когеннің пікірінше, әсіресе Еуропадағы американ әкімшілігін сынаушылар оның айтуынша " терроршылдық соғыс қылмыстарына " байланысты жаңа заң баптарын құруға көбірек күштерін жұмсаса тәуір болар еді. Өйткені қазір қабылданған заңдар қалыптасқан жағдайға байланысты тым тарлық етеді,-дейді ол.

Гуантанамода қамауда отырғандар мәселесі тез арада шешімін табуы екі талай, бұл АҚШ-тың шетелдер мен байланысын күрделендіре түседі. Осы аптада ең соңғы болып Тәжікістан мен Қазақстан ұлықтары Құрама Штатарға өтініш білдіріп Гуантанамода отырған азаматарының өз елдеріне қайтарылуын жеткізді.
XS
SM
MD
LG