Accessibility links

Еуропалық Одақ елдерінің сыртқы істер министрлері ЕуроОдақ конституциясының жобасына байланысты уәжге келуге тырысып көрмек.


НЕАПОЛЬ: Еуропалық Одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Италияның Неаполь қаласындағы келіссөздерінде ЕуроОдақ конституциясының жобасына байланысты өз араларындағы пікірталастар бойынша уәжге келуге тырысып көрмек. Кездесу 2 күнге созылады. Еуропалық Оақтың басқару жүйесін қайта қарайтын және соның нәтижесінде Одақтың кеңеюіне жол ашатын конституция бойынша пікірталастар ЕуроОдақтың желтоқсан айында Римде өтетін бас қосуына дейін аяқталуға тиіс. Алайда, осы күнге дейін шешімін таппаған даулы мәселелер, атап айтқанда - Еуропалық Одақтың шешімдер қабылдау тәртібі туралы мәселе әлі де шешімін тапқан жоқ.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG