Accessibility links

Ұлы Британияның батысындағы Глостер қаласында “Әл-Қаида”-мен байланысы бар деген күдікпен бір кісі ұсталды.


ГЛОСТЕР: Ұлы Британияның батысындағы Глостер қаласында “Әл-Қаида”-мен байланысы бар деген күдікпен бір кісі ұсталды. Оның баспанасынан жарылғыш зат табылды. Ұсталған 24 жастағы азиалық британ азаматы бұрын діни оқу мекемесінде оқыған. Британ полициясы оның осы күні АҚШ-тағы әуе кемесін жармақ болғаны үшін өмірінің соңына дейін түрмеге жабылған, “бәтеңке террорисі” деген лақап аты бар Ричард Ридпен тығыз байланыста болуы әбден мүмкін деп отыр. Терроршылдармен ауыз жаласқан деген күдікпен тағы бір адам өткен бейсенбі күні тұтқындалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG