Accessibility links

Бүгін Астанада ҚР-сының президенті Н.Н.Назарбаевтың қатысуымен мемлекет басшысы жанындағы Ұлттық кеңестің кезекті мәжілісі өтеді.


АСТАНА: Бүгін Астанада ҚР-сының президенті Н.Н.Назарбаевтың қатысуымен мемлекет басшысы жанындағы Ұлттық кеңестің кезекті мәжілісі өтеді. Оған республиканың көрнекті ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысып, “Мәдени мұра” бағдарламасының жобасы талданбақ. Бүгін Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2004-інші жылға арналған республикалық бюджеттің екінші оқылымы өтеді деп жоспарлануда. Бүгін, сондай-ақ, РФ-сының экономикалық даму және сауда министрі Герман Грефтің Қазақстанға іс-сапары әрі қарай жалғасады. Сапарының бірінші күні ресейлік министр Қазақстан презденті Н.Назарбаевтың, премьер-министр Д.Ахметовтің қабылдауында болып, бірқатар министрлік пен мекеменің жетекшілерімен кездесті. Сапар бағдарламасында Г.Грефтің “Екі елдің экономикаларын реформалаудың барысы туралы” тақырыбы бойынша “дөңгелек үстөл” ұйымдастыруы қарастырылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG