Accessibility links

Жазушылардың халықаралық ұйымы – ПЕН-клуб - белгілі чех қаламгері Иржи Грушаны өзінің жаңа төрағасы етіп сайлады.


ПРАҺА: Жазушылардың халықаралық ұйымы – ПЕН-клуб белгілі чех қаламгері Иржи Грушаны өзінің жаңа төрағасы етіп сайлады. Ол жаңа лауазымда мексикалық әріптесі Хомеро Аридхистің орнына отырады. Иржи Груша Чехияның белгілі диссидент-жазушысы – 1981-інші жылы елден кетуге мәжбүр болды. Ол шығармаларын чех және неміс тілдерінде еркін жаза береді. Халықаралық ПЕН-клубты басқару үшін оған Чехияның Аустриядағы елшісі сынды қазіргі қызметін кетуге тура келеді. Халықаралық ПЕН-клуб шығармашылық бостандығын қорғау мақсатында 1921 жылы құрылды.
XS
SM
MD
LG