Accessibility links

Гүржістан парламенті “Біріккен демократтар” партиясының көсемі Зураб Жванияны мемлекеттік министр етіп бекітті.


ТБИЛИСИ: Гүржістан парламенті “Біріккен демократтар” партиясының көсемі Зураб Жванияны мемлекеттік министр етіп бекітті. “Бурджанадзе және Демократтар” бірлестігі атынан Георгий Барамидзе ішкі істер министрі, 2000-2002- жылдарда осы лауазымда отырған Зураб Ногаидели – қаржы министрі болып қайта тағайындалды. З.Жвания Аджария лидері Аслан Абашидземен келіссөздер өткізу үшін таяу күндері Батумиге аттанатынын мәлімдеді. Интерфакс агеттігі мемлекеттік министрдің Аджарияның барлық талабы мен мүдделерін орталық өкімет ескеретін болады деген сөздерін келтірді. Өзінің ұстанатын басым бағытының бірі ретінде З.Жвания – Ресеймен арадағы қатынастарды үйлестуді атап көрсеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG