Accessibility links

Ұлттық кеңес «Мәдени мұра» бағдарламасының жобасын талқылады


Қарашаның 28-і күні Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің төрағалығымен Ұлттық кеңестің үшінші отырысы өтті. Онда «Мәдени мұра» бағдарламасының жобасы талқыланды.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты-қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Үш жылға арналған бағдарламаға жалпы көлемі 3 миллиард 948 миллион теңге қаржы көзделуде.

Бағдарлама жобасы бойынша Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов пен Ақпарат министрі Сауытбек Әбдрахмановтар баяндама жасады.

Мәдениет министрі Дүйсен Қасейіновтің айтуынша, Қазақстан аумағында архитектураның 25 мыңнан астам тұрғылықты ескерткіштері, 100-ден астам мемлекетітк мұражайларда сақталған 2 миллион 56 мыңнан астам мәдени игіліктер бар. 3066 мемелекетітк кітәпханада жинақталған 66 миллион 840 томдық кітәпттар, сирек кездесетін қолжазбалар, басылымдар бар. Министр осындай мәдени мұраларды жүйелеу, зерттеу, саралауда мемлекеттік қамқорлықтың керектігін айтты.

Бұл бағытта тарихи мұраны қорғау және белсенді пайдалану ісіне біріңғай басшылық жасайтын министрлік ішінде тарихи-мұра департаментін құру туралы ұсыныс білдірді.

Ақпарат министрі Сауытбек Әбдрахманов бүкіл әлемнің ақыл–ойы жинақталған қазыналардың ең таңдаулыларын қазақ тілінде шығару туралы мәселені көтерді . Ал, жазушы, сенат депутаты Әбіш Кекілбаев аталған бағдарламаны ұзақ мерзімдік ету жөнінде ой айтты:

«Президент жанынан руханият жөнінен қоғамдық кеңес құру керек сияқты. Ол Президенттің мәдени орталығының қызметін үйлестіріп, шығармашылық процестерін сараптаудың үздік жетістіктерді мемлекеттік дәрежеде насихаттаудың пәрменді тетігіне айнала алар еді. Бұл салада ақпараттың атқарары көп. Бірақ ағымдағы дау-дамайдан аузы босамай тұр. »

Жазушы Дулат Исабеков, аударма мәселесіне назар аударды. Кеңесті қортындылған Президент Нұрсұлтан Назарбаев, алда тұрған міндеттерді атады.

«Мәдениет министрлігі мен облыс әкімдеріне тарихи мұраларды қорғау саласын басқаруды оңтайлы құрылымын біріге отырып әзірлеуід тапсырамын», - деді Мемлекет Басшысы.

Президент, үкіметке келесі жылы сол жалағаудан жаңа архиология тарихы мұражайының құрылысын бастауды тапсырғанын, сондай-ақ жақын уақыттарда жаңа ұлттық кітәпхана құрылысының аяқталатынын айтты. Кеңес нәтижесінде Президент айтылған ескертпелермен аталған мәдени мұра бағдарламасы жобасын жетілдіріп, тиісті шешім қабылдауды тапсырды.
XS
SM
MD
LG