Accessibility links

Грузиядағы жағдайдан Қазақстан сабақ алуы тиіс


Грузиядағы жағдайдан Қазақстан сабақ алуы тиіс, дейді Қазақстан демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігінің мүшелері

27 қарашада Қазақстанның ДТҚ-сы Грузиядағы жұмсақ ркволюциядан Қазақстан алдағы парламенттік және президенттік сайлаулар алдында сабақ алуы тиіс деген мәлімдеме жасады. -Мұндағы басты мақсат, - дейді ҚДТ саяси кеңесінің мүшесі Петр Своик,- Қазақстанның саяси күштері Грузиядағы жағдай секілді әрекетке жол бермей, оң шешім шығаруы тиіс. Ендігі жерде сайлаушылардың еркін бұрмалап, аяқ асты етудің заманы өтті. Президент Шеварднадзеге қарсы «жарылған мина» басқа елдердегі авторитарлық жүйелер астына да қойылған .

Қазақстан тоқсаныншы жылдары ТМД елдері ішінде түбегейлі реформа жасауда алға шыққаны, сондай-ақ, сайлауларды бұзу әрекеттерінде де лидер болғаны белгілі. Егемендік алған 12 жылда Қазақстан парламенттік, президенттік сайлауларды өрескел бұрмалады.

Былтырғы мәжіліс, таяуда өткен мәслихат сайлаулары билік басындағылардың әділетсіз сайлаулар арқылы өз дегендеріне жететінін дәлелдейді. Үкімет пен ОСК әлі күнге дейін кез-келген айла әдісті пайдаланып, сайлау заңын бұрмалап, оны ЕЫХҰ талаптарына сай жасамай отыр. Мұндай келеңсіз әрекет жалғаса беретін блса, Қазақстанда да айтып болмас жағдай бұрқ ете қалуы мүмкін, дейді ДТҚ мүшелері бейсенбі күнгі басқосуларында.

Қозғалыс «жаңа сайлау комитеті- жаңа сайлау жүйесі- әділ сайлау» деген ұранды қолдайды. Біз осы мақсатта ұлттық диалог өткізуге дайынбыз делінген үндеуде.
XS
SM
MD
LG