Accessibility links

Ресей әйелдері хұқының қорғалуы да сын көтермейтін дәрежеде.


Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтар жөніндегі тізбекті хабарлардың бүгінгі бөлігі Ресей әйелдерінің тағдырына арналмақшы. Коммунистер тұсында рөлдері біраз көтерілгендей болған орыс әйелдерінің қазіргі хұқықтық тұрғыдағы жай-күйі мәз емес.

Совет өкіметі қызыл насихат машинасының әйелдер үшін бір пайдалы жағы болды. Қалай болғанда да ол жүйенің әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеруге тырысқаны рас. Ал, тәуелсіздікке ие болған 1990-шы жылдан бергі аралықта орыс әйелі економикалық, әлеуметтік және моральдық проблемалардың құрбанына айналып отыр-, дейді Азаттық радиосының тілшісі София Ламброшини. “Зорлық-зомбылықты тоқтат!”-деп аталатын Ресейдегі әйелдер орталығының заңгері Александра Карева ханымның айтуынша, өткен жылы осы орталыққа көмек сұрап, шамамен 100 мыңдай әйел телефон шалған екен. Зорлық-зомбылыққа душар болып отырған әйелдер санының өсе түсуінің бір себебі-, дейді ол-, тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта орыс әйеліне көзқарастың күрт өзгеріп, оған тек әйел жынысты және үй тазалаушы, сондай-ақ ең көп дегенде мектеп оқытушысы ретінде қараудан туындап отыр. “Жағдайдың қазір құлдырап кеткені соншама, әйелдер жұмыс орынынан ығыстырыла бастаған. Мені ең қатты қинайтын нәрсе олардың еңбек базарынан мәжбүрлі түрде кетірілуі. Оларға қатысты көзқарас негізінен үш бағытта: әйел жынысты адам, үй тазалағыш әйел және балалар тәрбиешісі ретінде көру тұрғысында құрылған-, дейді Карева ханым. “Әрине, дейді ол-, Совет дәуірінде де әйелдердің шекесінің шылқылдағаны шамалы. Алайда, оларды трактор жүргізушісі немесе тағы басқа да мамандықтар тізгінінде көрсету арқылы совет әйелін рухы мықты және белсенді жан ретінде сипаттауда қызыл насихаттың тигізген әсерінің зор екендігі сөзсіз. Ал, қазіргі кезде қандайда бір жұмыс жөнінде келісімшартқа қол қойған әйел өзінің жеке бастық талай қызықтарынан, мысалы үйлену, бала сүю сияқты бақыттарынан қағылды дей беріңіз. Ондай өмірге жұмыс барысында уақыт та қалмайды-, дейді заңгер Карева. Ал, үйде отырған әйел байқұс економикалық жағынан күйеуіне тәуелді болғандықтан да, небір қорлықтарға шыдауға мәжбүр болып отыр. Шағымданып сот орындарына бара қалған жағдайда, олар әлгі әйелге күйеуімен қайта тіл табысуға кеңес беріп жатады. Мұның сыртында, орыстың ежелгі ұғымындағы “Күеуің сені ұрса, демек сүйгені”-, деген мәтелсымағы тағы бар-, дейді әлгі заңгер. Дей тұрғанмен, Карева ханым бұл тұрғыда орыс халқының дәстүрлерін ғана кіналап қоюдан аулақ. “Мұндай қорлық өмірдің әйелдер басына орнауының әлеуметтік және економикалық негіздері өте көп”-, дейді ол. Өткен айларда Ресей заңдық жүйесіне жасалған қайта құрулар барысында қорлыққа душар болған әйелдерді полиция қызметкерлерінің “халық соты” дегенге жүгінуге табыстауы дұрыс деп саналса керек. Мұндай жағдайда, дейді заңгер- ол әйелдің қорғаушысы да, заңгері де болмайды. Бұл жүйе бойынша, таяқ жеген әйел өзінің зәбір көргендігін куәландыру үшін көршілерін жағалап, зыр жүгіруі тиіс болады. Бір сөзбен айтқанда әйел баласы мұндай жағдайда өзін қорғайтын заңгер де, өз ісін жүргізетін прокурор да өзі болмақшы,- дейді заңгер Карева Азаттық радиосы тілшісіне берген сұхбатында.
XS
SM
MD
LG