Accessibility links

Йордания астанасы Амманда болған кездесу барысында АҚШ өкілі Уилиям Бөрнс Палестина мемлекетін құруға АҚШ-тың ниеттес екендігін Қурей мырзаға жеткізген болатын.


Бөрнс мырза бүгін Израйль басшыларымен де Таяу Шығыс бейбіт келісімдерін одан әрі жалғастыруға орай кездесті. Палестина өкімет басшысы Ахмед Қурей келіссөздер одан әрі жүргізлу үшін бөгесіндер алынып тасталуы тиіс,- деді. “Егер Израйль өкіметі бөгесін-қабырғалардың одан әрі салына беретіндігін хабарлап отырса, онда қандайда бір кездесулер өткізудің қажеттілігі шамалы. Біз әйтеуір кездесу өткізу үшін кездесуді қаламаймыз. Біз Шарон мырзамен кездесулерді құп аламыз. Алайда, ең көкейкесті мәселелер шешілмей тұрған кезде, ешқандай кездесудің болуы мүмкін еместігін қайталап айтамыз-, деді Қурей мырза. Мұндай бөгесіндердің салынуына БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан да наразылық білдірген болатын. Алдағы уақытта Арйель Шаронмен болуы мүмкін кездесуге, сондай-ақ атыстарды уақытша тоқтату мүмкіндгін сақтап тұру сияқты қос мәселеге байланысты жаңа ұмтылыстар жасап отырғандығын Қурей мырза айтты.
XS
SM
MD
LG