Accessibility links

Испания мен Жапония өкімет басшылары Ирақтағы атқаратын міндеттерінен алдағы уақытта да бас тартпайтындықтарын айтып отыр.


Бағдаттың оңтүстігінде Испания құпия қымзетінің жеті адамы кеше көліктерінің оққа орануы себепті қаза болды. АҚШ ел басы Джордж Бушпен сөйлесуі барысында өкімет басшысы Хосе Мари Азнар мырза Ирақтағы бірлескен әскери қимылдарға өз күштерінің одан әрі қатыса беретіндігіне Құрама Штаттары мемлекеттік басшысын сендірді. Сондай-ақ, кеше Тикритке жақын маңдағы тасадан жасалған шабуыл барысында жапондық екі дипломат қаза болған еді. Бұл орайда Жапония өкімет басшысы Юнихиро Койзуми мырза террорлық шабуылдардан қаймықпайтындықтарын мәлімдеді. Пентагон мәліметтеріне қарағанда, бір ғана қараша айында Ирақта 75-тей АҚШ әскерилері қаза болған екен. Сондай-ақ бүгін екі америкалық солдат Бағдаттың батысында қаза болып, біреуі жараланған.
XS
SM
MD
LG