Accessibility links

Желтоқсан айының екінші онкүндігінен бастап, Оңтүстік Қазақстан облысының көршілес мемлекетпен шекарасында жаңа тексеру бекеттерінің құрылысы басталмақшы.


Оның басты мақсаты- Қазақстанға енетін немесе одан шығатын көліктерді бір ғана рет тексеруден өткізу. Дәл осы сәтте барлық тексеруші ұйымдар өз жұмыстарын қатар жүргізбекші. Сондай-ақ заң бойынша тағайындалған төлемақылар да бір ғана рет жүзеге асырылатын болады. Осындай шаралар арқылы жүргіншілерді қайта тексерістен өткізу әрекеттерін болдырмау көзделуде. Мұндай шешімге аталған облыстың шекарадан өтетін жүктер мен адамдар құжаттарын тексерумен айналысатын ұйым өкілдерінің арнайы басқосуында қол жеткізілген болатын.
XS
SM
MD
LG