Accessibility links

Экономикалық қайта құрулар жүргізуде Ресей елі Қазақстанның тәжірибелеріне сүйенбекші.


Мұндай мәлімдемені Ресей экономикалық даму және сауда министрі Герман Греф журналистермен болған кездесуінде жасаған болатын. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда жүргізілген экономикалық қайта құрулар тәжірибелері Ресей үшін де тиімді болмақшы. “Көптеген бағыттар бойынша, қазақстандық әріптестеріміз бізден оқ бойы озық келеді”-, деді Ресей министрі. Осыған қоса Греф мырза төрт елдің мақсаттарын ескере отырып, Қазақстан, Ресей, Украйна және Беларусия елдерінің ортақ экономикалық аймағын құру аса маңызды болып отыр-, деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG